«Денесінің 95 пайызын күйік шалған»: Оралда тоғыз жасар баланы ток ұрды

Орал қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында 9 жасар баланы ток соғып, ауыр хәлде ауруханаға түсті, деп хабарлады sadaq.kz.
Қайғылы оқиға 30 сәуір күні Исатай-Махамбет көшесіндегі №82 үйдің жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, баланың добы сымға ілініп қалған. Оны алу үшін ол электр қосалқы стансасының төбесіне шыққан. Сол жерде оны ток ұрған.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайының өте ауыр екенін хабарлады.
Қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Денесінің 95%-ын күйік шалған, күйік дәрежесі – төртінші, – делінген басқарма мәліметінде.
Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






