Дубайдағы «Бурдж әл-Араб» қонақ үйі уақытша жабылады

Сәуір 15, 2026 - 23:05
 0  7
Дубайдағы «Бурдж әл-Араб» қонақ үйі уақытша жабылады
Фото: Getty Images

Дубайдағы Бурдж әл-Араб қонақ үйі алғаш рет ауқымды жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. 

БАӘ-нің символына айналған бес жұлдызды люкс санатындағы бұл нысан ашылғаннан бері алғаш рет жаңғыртылады. Жөндеу жұмыстары 18 ай бойы кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Jumeirah Group бас директоры Томас Мейердің айтуынша, соңғы 27 жыл ішінде қонақ үй жоғары сервис деңгейін сақтап, әлемдегі үздік қонақүйлердің қатарында болды.

«Жаңа реновация бағдарламасы Бурдж әл-Араб тарихындағы кезекті маңызды кезеңді ашады», – деді ол Gulf News басылымына. Жобаны француз сәулетшісі Тристан Оэр басқарады.

Айта кетейік, бұл бастама Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың люкс туризм сегментіне әсері талқыланып жатқан кезеңге тұспа-тұс келіп отыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0