Елші Қазақстан Иранға қолдау хатын жолдамағанын мәлімдеді

Наурыз 2, 2026 - 15:19
 0  146
Елші Қазақстан Иранға қолдау хатын жолдамағанын мәлімдеді
фото: sputnik.kz

Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан тарапынан әзірге ешқандай қолдау білдіретін хабарлама түспегенін айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы ол Астанада елшілік қабырғасында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

«Қазақстан – біз үшін достық әрі бауырластық қатынастағы мемлекет. Демалыс күндері болғандықтан, қазақстандық билік өкілдері хабарлама жолдауға үлгермеген болуы мүмкін. Ал бүгін алғашқы жұмыс күні болған соң, қандай да бір үнқатулар келіп қалар деп үміттенеміз», – деді дипломат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0