Енді зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға рұқсат берілмеуі мүмкін

Себебі қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды.

Маусым 26, 2024 - 11:11
Маусым 26, 2024 - 11:14
Енді зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға рұқсат берілмеуі мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуды тоқтату мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. Министрдің айтуынша, ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды.

Базалық зейнетақы төлемін басқаша есептеу тәсілімен келісеміз. Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60 пайызына тең болуы керек. Екіншіден, бұл - сарапшылардың ұсынысы, яғни зейнетақы қорынан жинақты ерте шешіп алуды тоқтату, біз мұнымен де келісеміз. Себебі қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек, - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан соң.

Сондай-ақ, министр зейнетақы қорындағы 3 триллион теңге мерзімінен бұрын алынғанын айтты.

1,5 миллион адам зейнетақы төлемдерімен қамтылды, 3 триллион теңгеден аса қаржы зейнетақы қорынан шығарылды. Ол қаржыға адамдар үй жағдайын жақсартты, емделді. Сондықтан мұны бекер жұмсалды деуге де болмайды, - деді ол.

Еске салайық, 2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow