Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 2026 - 13:54
 0  3
Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты  мәлімдеме жасады
modern.az

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иран мәселесін әлемдік көшбасшылармен талқылады. Ол Сауд Арабиясының тәж ханзадасымен, Кувейт әмірімен және Еуропалық комиссияның төрағасымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.  Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 


"Түрік көшбасшысы Анкараның Иран дағдарысын реттеуге бағытталған бейбіт процеске жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді. Президент осы процесс барысында Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы тығыз үйлесімді жұмысты жалғастырудың маңыздылығын айтты", – делінген Түркия әкімшілігі таратқан хабарламада.

Ердоған Мұхаммед бин Салманға Сауд Арабиясының аумағына жасалған шабуылдарға байланысты көңіл айтып, қазіргі ахуалға баға берді. Түрік көшбасшысы тиісті шаралар қабылданбаса, қақтығыстың аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке салдар ауыр болуы мүмкін екенін айтты. Ол қазіргі жағдайда дипломатияға мүмкіндік беру керектігін жеткізді. 

Бұдан бөлек Түркия президенті Кувейт әмірі шейх Машал Әл-Ахмед Әл-Джабер Әл-Сабахпен телефон арқылы тілдесіп, оған қолдау көрсетті. Түркияның аймақта бейбітшілікті орнатуда күш-жігерін аямайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Түркия басшысы Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен сөйлесу кезінде Иран төңірегіндегі жағдайды талқылады. Ердоған барлық тарапты дипломатия мен келіссөздерге қайта оралуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0