Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді

Сәуір 14, 2026 - 21:51
 0  11
Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді
Фото: Pixabay.com

15 cәуірде Қазақстанда телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді. Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні ескертілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, – деп жазылған хабарламада.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0