Гонконгтағы өрт: 150-ден астам адам қаза тауып, 14 адам ұсталды

Желтоқсан 2, 2025 - 11:22
Желтоқсан 2, 2025 - 11:26
 0  0
Гонконгтағы өрт: 150-ден астам адам қаза тауып, 14 адам ұсталды
Фото: AP - Chan Long Hei

26 қарашада Гонконгтағы «Ванфук» тұрғын кешенінде болған өрт салдарынан кемінде 151 адам қаза тапқан. Тағы қырық адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Тергеу аясында 14 адам ұсталғаны хабарланды. Бұған дейін 146 адамның қаза тапқаны айтылған еді. Жергілікті полицияның мәліметінше, кейбір денелердің қатты күйіп кетуіне байланысты барлық жоғалғандарды табу мүмкін емес, деп жазады Sadaq.kz.

Полиция соңғы, «ең күрделі» іздестіру кезеңі бірнеше аптаға созылуы ықтимал екенін мәлімдеді.

Өрт шыққан тұрғын кешенінде төрт мыңнан астам адам тұрған. Шамамен 1100 тұрғын эвакуациялық орталықтардан уақытша баспаналарға көшірілді, тағы 680 адам жатақханалар мен қонақүйлерге орналастырылды.

South China Morning Post басылымының жазуынша, тергеу шеңберінде полиция мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия барлығы 14 адамды ұстаған. Оның 13-і абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырған әрекеттер бойынша күдікке ілінген. Ұсталғандардың арасында бас мердігер, инженер-кеңесші және құрылыс шатырларын орнатқан компанияның қосалқы мердігері бар.

Тергеу деректері бойынша, өрт кезінде бамбуктан жасалған құрылыс торлары қоршап тұрған мұнараларды жөндеуге қолданылған құрылыс материалдары стандарттарға сәйкес келмеген, әрі адамның қолы жетпейтін жерлерге қолданылған, сондықтан оларды тексерушілер байқамаған. Бамбук торының бірнеше үлгісін талдау нәтижесі оның өртке төзімділік нормаларына сәйкес келмегенін көрсетті, деп хабарлады тергеушілер баспасөз мәслихатында.

Билік өкілдері өлімге әкелген өрт себептерінің бірі ретінде жөндеу кезінде қолданылған оқшаулағыш көбік болғанын айтты. Сондай-ақ кешендегі өрт дабылы дұрыс жұмыс істемегені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0