«Иманғали Тасмағамбетовпен төбелескен»: Алмат Сақатов өнерде ерегістер болып тұратынын айтты (ВИДЕО)
Өткен жылдың қараша айында "Нұр-Мұқасан" тобына жаңадан қосылған жас әнші Ғалымжан Сүлеймен өзін Мұқасан Шахзадаевтың ұрып-соққанын айтқан еді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Топ репертуарындағы әннен басталған дау Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалуға дейін жетті. Аталмыш жағдайға қатысты Мұқасан Шахзадаевтың досы, актер Алмат Сақатов Qazaq Airan You Tube арнасына берген сұхбатында өз ойын айтты.
«Біріншіден, жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. Тіл шықпаса, мұрыннан қан шықпайды. Мен Мұқсанның қасындағы әнші баланы танимын. Жақсы, өте биязы, мәдениетті бала. Бірақ ол жерде әй жоқ, шәй жоқ төбелес болуы да мүмкін емес. Екіншіден, баланың өзі де Мұқасанның өзі келіп, мені ұрды деп айтқан жоқ. Олар 2-3 адам болған. Таңертеңнен кешке дейін оны ешкім тепкілеген жоқ. 4-5 жақсы удар болған. Сонымен бітті. Баланың өзінің төбелестен алыстау екені көрініп тұр. Әрине, «менің әндерімді айтып жүр, сондықтан ұрдым» дген ақпарат тарағанда Мұқасанға не болды не ойладым. Мүмкін емес. Бірақ, Мұқасанға хабарласқан жоқпын. Себебі, ол — менің досым, әріптесім. Екеуміз ең қиын кезде қанжығалас болып «Бауыржан шоуда» бірге жұмыс істедік. Сол үшін «сондай болды, мен сүйттім» деген әңгімесін естігім келген жоқ. Досым сол қалпында қалсын деп ойладым. Тентек болды ма, болды. Ер шекіспей, бекіспейді» — дейді ол.
Ол Иманғали Тасмағамбетовпен төбелесіп, артынша дос болып кеткен өнер адамын мысалға келтірді.
«Бір жігітті білемін. Кезінде Иманғали Тасмағамбетовпен тойдан кейін быт-шыт болып төбелескен. Өнер адамы. Кейін екеуі қатты дос болып кетті. Қазір бір жаманы, өсекшілер мен жала жабушылар көбейіп кетті. Қалтамда ақшам жоқ болса, сен маған тиісші деп тұрамын. Сен келіп мені ұрасың, ертеңіне сол ақшаны өзің әкеп бересің. Сондай заман болды. Әйтпесе еркекпен еркек төбелескеннен кейін мұрның сынып, ернің жыртылған шығар, бірақ өліп қалған жоқсың ғой», — дейді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0