Иракта тоғыз жастағы қызға үйленуге рұқсат беретін заң қабылданды

Қаңтар 22, 2025 - 17:38
Иракта тоғыз жастағы қызға үйленуге рұқсат беретін заң қабылданды
Фото: ашық дереккөз

Ирак парламенті балалар некесі туралы заңды мақұлдады. Енді ер адамдар 9 жастағы қызға үйлене алады, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Orda.kz — ке сілтеме жасап.

Бұл бастаманы консервативті шиит депутаттары қолдаған. Олардың ойынша, қыздардың ерте тұрмыс құруы әдепсіз іс-әрекетке бармауына, батыстың мәдениетіне ермеуіне септігін тигізеді екен.

Бұған дейін Иракта некеге тұрудың ең төменгі жасы — 18 жас еді. Алайда жаңа түзетулер жас көлемін екі есе қысқартты. Сонымен қатар кейбір діни қызметкерлер дінде қыздарды жасөспірім кезінен немесе тіпті тоғыз жасынан бастап күйеуге беруге рұқсат етілген деп санайды.

Құқық қорғау ұйымдары жеке мәртебе туралы заңға енгізілген түзетулерге қарсы болды. Олар қыздарды ерте жастан құқығынан айырылады деп есептейді. Ал әйелдер қорғаушысынан, асыраушысынан айырылуы мүмкін екен.

Парламент сессиясы даумен аяқталды. Сессияға қатысқан депутаттардың жартысы бұл шешімге  қарсы болды.

БҰҰ мәліметтері бойынша, Ирактағы қыздардың 28% — ы кәмелетке толғанға дейін күйеуге шығады. Бұндай неке ата-аналар мен діни қызметкерлердің рұқсатымен, ресми тіркеусіз жасалады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow