Иран Нетаньяхудың кеңсесіне шабуыл жасады

Наурыз 2, 2026 - 17:09
 0  15
Иран Нетаньяхудың кеңсесіне шабуыл жасады
Фото: golosameriki.com

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне зымыранмен соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Әскери операция барысында қылмыс режимінің премьер-министр кеңсесі, сондай-ақ оның әуе күштері қолбасшысының орналасқан жері «Хейбар» зымырандарымен атқыланды», – делінген Иранның мемлекеттік телерадиосы таратқан хабарламада.

Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрінің тағдыры әзірге белгісіз екенін хабарлады.

Айта кету керек, бұған дейін Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдегенін жазғанбыз. Иранның уақытша жоғарғы көсемі тағайындалды.  Дональд Трамп Ирандағы әскери іс-қимыл қанша уақытқа созылатынын айтты. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0