Ыстамбұлды жаңбыр суы басып, жасөспірім қаза тапты
Фатих ауданында жаңбыр суын басып, электр тогына түскен 14 жастағы бала ауруханада көз жұмған.
Түркияның Ыстамбұл қаласында нөсер жаңбыр салдарынан көшелер мен тұрғын үйлерді су басып, 14 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Анадолу» агенттігінің мәліметінше, 14 қазанда құтқарушыларға су басу мен көшкінге қатысты хабарламалар түскен. 808 тұрғын үй мен 280 кәсіп нысанын су басып, кейбір метро станциялары мен ауруханаларға да су кірген.
Алдын ала мәлімет бойынша, Фатих ауданында жаңбыр суын басып, электр тогына түскен 14 жастағы бала ауруханада көз жұмған.
Қалада құтқару жұмыстарына шамамен 8 мың маман мен 2 мың техника жұмылдырылды. 15 қазанда Ыстамбұл мектептерінде сабақ тоқтатылып, тұрғындарға аса қажет болмаса, сыртқа шықпау ескертілді.