Қарғыс жаударып жатыр: Қажылыққа барып елге қайта алмай қалған асаба үн қатты
Қажылық сапарында жүрген танымал асаба Әлібек Серғалиев әлеуметтік желіде өзіне бағытталған кейбір жағымсыз пікірлерге жауап қатты, деп хабарлайды NUR.KZ.
Желіде тараған пікірлердің бір бөлігі көпшіліктің наразылығын тудырған.
Кейбір қолданушылар асабаға қатысты: «Өзіңнің дұғаңды оқып отыра бер енді», «Барғандар қайтып келмесін» деген сыңайда ауыр сөздер жазған.
Осыған байланысты асаба өзінің парақшасында арнайы жазба жариялап, адамдар арасындағы қатыгездіктің көбейгеніне қынжылыс білдіріп, ізгі ниет танытқан жандарға алғысын жеткізді.
«Неге біз осындай қатыгез болып кеттік? Кейбіреулер кәдімгідей қарғыс айтып жатыр. Ал қайта тілекші болып, қолдау білдірген ағайынға үлкен рақмет. Барлығыңызға Алла бар жақсылықты нәсіп етсін. Бұйырса, амандықпен елге ораламыз, Алла жазса», – деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0