Қаскелең қаласында колледждегі қыздар төбелес шығарды

Сәуір 30, 2025 - 16:49
 0  89
Қаскелең қаласында колледждегі қыздар төбелес шығарды

Қаскелеңдегі кәсіптік-техникалық колледжде студенттер арасында төбелес болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнеден бір қыздың тағы бір бойжеткенді шашынан жұлып, бетіне тепкенін көруге болады. Ал маңайдағы қыздар оларды ажыратып жатыр.

Жергілікті полиция қақтығысқа қатысқан барлық қыздардың кім екенін анықтады. Қыздардың ата-аналары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдары колледж студенттерімен профилактикалық жұмыс жүргізетін болды. 

Айта кетейік, кеше ғана әлеуметтік желіде Алматы облысында жоғары сынып оқушысының кіші балаларға әлімжеттік жасаған бейнесі тараған еді. Кейіннен оқиға 2024 жылы болғаны анықталды. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0