«Қазақ руханиятына қосқан титтей үлесім»: Қарақат Әбілдина кітап шығарғанын айтты

Шілде 10, 2025 - 14:28
 0  192
«Қазақ руханиятына қосқан титтей үлесім»: Қарақат Әбілдина кітап шығарғанын айтты
фото: видеодан скриншот

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина өзінің су жаңа еңбегін – «Қарақат салған қанатты ән» атты кітабын жарыққа шығарып, көпшілікке таныстырды, деп жазады Sadaq.kz.

Әншінің айтуынша, бұл жинақ – жетіген аспабымен орындалатын әндерге арналған тұңғыш кітап. Онда Қарақат Әбілдинаның көне аспаппен орындаған 32 әнінің мәтіні, нотасы және QR-код арқылы тыңдауға болатын аудионұсқасы берілген.

«Бұл кітап – жетігенде ойнап үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка пәні мұғалімдеріне таптырмас құрал болады деп сенемін. Бұл – тек менің шығармашылығым ғана емес, сонымен қатар қазақ руханиятына қосқан титтей үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді қалдыру – бала күнгі арманым еді. Осы кітап – сол арманның орындалған бір сәті», – деп бөлісті қуанышымен әнші.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0