«ҚазМұнайГаз» басшылары 705 млн теңгеден астам сыйақы алған

Мамыр 2, 2025 - 15:50
«ҚазМұнайГаз» басшылары 705 млн теңгеден астам сыйақы алған

Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері 705 миллион теңгеден астам сыйақы алған.

Яғни әрбір директор айына орта есеппен 1,9 млн теңге, ал әрбір басқарма мүшесі 5,1 млн теңгеден жоғары табыс тапқан.

ҚМГ-нің қаржылық есебіне сәйкес, 2024 жылы ҚМГ басқарма мүшелеріне, жалақы мен бонустарды қоса алғанда, 497 млн 815 мың теңге төленген. Мұның ішінде салықтар мен зейнетақы жарналары да есептелген.

Компания басқармасының төрағасы — Асхат Хасенов. Басқарма құрамында барлығы сегіз адам бар.былтыр директорлар кеңесінің мүшелері 207,2 млн теңге табыс тапқан. 

Ал 2023 жылы директорлар 97,2 млн теңге мен 196,3 мың АҚШ долларын алған. Яғни 2023 жылмен салыстырғанда ҚМГ басқарма мүшелерінің жалпы сыйақысы 28 пайыз өскен.

ҚМГ директорлар кеңесінің құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері Ернат Бердіғұлов, Ұзақбай Қарабалин, Елжас Отыншиев, сондай-ақ Асхат Хасенов, Асқар Шәкіров, Сая Мыңшәріпова, Арман Арғынғазин, Арманбай Жұбаев және Ұлыбритания азаматы Филип Малкольм Холланд бар.

 Ал директорлар кеңесі мүшелеріне төлемдер 10,9 пайыз артқан (2023 жылғы доллардың орташа бағамы — 456,31 теңге). Шамамен есептегенде, 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow