Кувейтте АҚШ-тың жойғыш ұшағын атып түсірді (ВИДЕО)

Наурыз 2, 2026 - 12:41
Наурыз 2, 2026 - 12:59
 0  4
Кувейтте АҚШ-тың жойғыш ұшағын атып түсірді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Кувейтте америкалық F-15E Strike Eagle жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ұшақ Иранды бомбалауға қатысқан. Clash Report сайтының мәліметіне сәйкес, апат кезінде ұшқыш катапультаны қолданған. Алайда АҚШ-тың әскери қолбасшылығы жойғыш ұшақтың апатқа ұшырағанын растаған жоқ. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын.

Хормозган провинциясындағы Минаб қаласындағы қыздар бастауыш мектебіне жасалған соққыдан 170 оқушы мен мұғалім қаза тапты. Ал Иран Израильге, сондай-ақ, көрші елдердегі АҚШ-тың әскери базаларына зымыранмен соққы жасады.

Сол кезде бірнеше адам қайтыс болды. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери-теңіз күштеріне айтарлықтай соққы жасалғанын, соның нәтижесінде бірнеше кеменің суға кеткенін мәлімдеді.

Трам Иран халқын режимді құлатуға да шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0