«Маған өте ауыр»: Танымал тележүргізуші Анна Данченко анасынан айырылды
Танымал тележүргізуші, блогер Анна Данченко анасының қайтыс болғанын айтып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұған дейін тележүргізуші анасының жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған еді. Алайда бұл жолы ол анасының өмірден өткенін айтты.
«Мама. Сен жай ғана ұйықтап жатырсың ғой, иә? Мама! Сен мені мүлде жалғыз қалдырдың. Мүлде жалғыз… Сенсіз бос пәтер де қараңғы. Мен сенің әкемді сағынғаныңды білемін, бірақ мен ше? Жаным-ау, мама, неге?» – деп жазды ол.
Тележүргізуші анасының қазасынан кейінгі ауыр жағдайын жасырмай, «Маған өте ауыр, мама!» деп жазба қалдырған.
Желі қолданушылары Анна Данченкоға қайғыра көңіл айтып, оған сабыр тіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0