Маңғыстау облысында теміржол қызметкері жұмыс орнында қаза тапты
Маңғыстау облысында теміржол қызметкері жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 шілде күні шамамен сағат 09:10-да Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты №13 разъезде болған.
Разъезд бастығы жұмыс орнында кезекші қызметкерінің денесін тапқан. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері шақырылған. Дәрігерлер 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын растаған.
- Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп жатыр,- деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0