Марат Әйтеновты тістеп алған бұрынғы әйелі айыппұл төлейді

Тамыз 23, 2024 - 17:55
Тамыз 23, 2024 - 17:57
Марат Әйтеновты тістеп алған бұрынғы әйелі айыппұл төлейді
Фото: Кozachkow offside

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін бұрынғы әйелі Дана Атешоваға үкім шығарды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Дана Атешова үйден мәжбүрлеп шығару кезінде үй иесіне қарсылық көрсетіп, М. Әйтеновті үйге кіргізбей, жәбірленушіні қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған. Салдарынан М.Әйтенов жарақат алды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді", — дейді елорда сотынан.

Сондай-ақ, қорғаушы тарап оқиға мен қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатуды талап еткен.

Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмысы немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту, не болмаса 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Алайда сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас балалардың болуын және бұрын сотталмағанын есепке алған.

"Сот істің мән-жайын ескере отырып, сондай-ақ сотталушының жеке кәсіпкер екенін, 3 жас баласының бары және жазаның өзге түрін тағайындау оның балаларының өмірі мен тәрбиесіне әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, сотталушы Д. Атешоваға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады", — делінген сот үкімінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow