Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап туған жерінде ескерткіш тақта орнатылды
Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде Астанада жарақат алған науқастарға шұғыл көмек көрсету барысында ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Кәсіби адалдығымен көзге түсіп, шұғыл жағдайларда өз бетінше шешім қабылдай білген білікті маман Ұлдана Қалдарханқызы 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы «Даналық» колледжінде емдеу ісі мамандығы фельдшер біліктілігі бойынша білім алып, оқу орнын үздік дипломмен бітірген. Байқоңыр ауданы жедел жәрдем подстанциясының бригада аға-фельдшері болып жауапты қызмет атқарған.
Шара барысында жиналған жұрт кәсіби қызметі жолында әрдайым қауіптің алдыңғы шебінде жүріп, адам өмірін құтқаруды басты мұрат еткен, ерлікпен қаза тапқан Ұлдананың жарқын бейнесін, ел есінде қалған еңбегін және адамдық асыл қасиеттерін тағы бір мәрте еске алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған ауылдастарына құран бағышталып, дұға жасалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0