Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Шілде 12, 2026 - 22:40
chat_bubble  0 visibility  1
Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қатар Мемлекетінің бұрынғы Әмірі, Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің және оның әулетінің, сондай-ақ отандастарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.

«Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни – Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0