Мөлдір Мұқанова ірі көлемде айыппұл арқалады

Қараша 4, 2025 - 17:23
Мөлдір Мұқанова ірі көлемде айыппұл арқалады
Фото: видеодан скрин

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі танымал комик Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, блогер Мөлдір Мұқанованы заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар тізіміне қосты, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Мөлдір Мұқанова (Instagram парақшасы — Moldir.mt, 2,3 миллионнан астам жазылушысы бар) Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы жылдың қазан айында ол 589 800 теңге (150 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл төлеген.

Мұқанова бұл бап бойынша жауапқа тартылған жалғыз медиа тұлға емес. Бұған дейін, сәуір айында блогер Дархан Жолшыбек (3,1 миллион жазылушысы бар) дәл осындай құқықбұзушылық үшін 393 200 теңге (100 АЕК) айыппұл төлеген болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow