«Ол мені өлтірмей тұрып, мен бірінші болып соққы бердім» — Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 2026 - 11:52
Наурыз 2, 2026 - 13:13
 0  4
«Ол мені өлтірмей тұрып, мен бірінші болып соққы бердім» — Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ Президенті Дональд Трамп ABC News арнасына берген сұхбатында Иранның рухани көсемі Әли Хаменеиді жою туралы операцияға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sadaq.kz Iran International ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол мені өлтірмей тұрып, мен оны тоқтаттым. Олар екі рет әрекет жасады. Бірақ мен бірінші болып соққы бердім», — деді АҚШ президенті. Дональд Трамп бұл сөздерімен 2024 жылы өзіне қарсы жасалған, Иранмен байланысы бар қастандық жоспарын меңзеген болуы мүмкін.

Сұхбат барысында Трамп Иран басшылығына үміткерлер туралы да пікір білдірді.

«Шабуылдың сәтті болғаны соншалық, негізгі үміткерлердің басым бөлігін жойды. Біз ойлаған адамдардың ешқайсысы қалмады, өйткені олардың барлығы өлді. Екінші немесе үшінші орында тұрғандар да тірі емес», — деді ол.

Сенбі күні бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың да қаза тапқаны хабарланды. Ресми ақпаратқа сәйкес, Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қолбасшысы генерал Мохаммад Пакпур және Иран Қорғаныс кеңесінің хатшысы, контр-адмирал Али Шамхани көз жұмған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл оқиға АҚШ Президенті үшін 2020 жылғы Қасым Сүлейманидің өлімінен кейінгі ең ауқымды әрі стратегиялық маңызы зор әскери шешім болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0