Петропавлда әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды

Шілде 13, 2026 - 14:48
chat_bubble  0 visibility  1
Петропавлда әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды
Фото: AP Photo

Солтүстік Қазақстан облысында саяжайдын қайтып келе жатқан әйелді белгісіз ер адам зорламақ болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Қала тұрғыны саяжайдан велосипедпен қайтып келе жатқан. Ол ауыл маңындағы айналма жолға жақындағанда алдынан егде жастағы ер адам шыққан. Ол әйелге сиыр іздеп жүргенін айтқан. Оқиға түс әлетінде болған. Әйел ешнәрседен қауіптенбеген. Дәл сол сәт ер адам әйелді жерге алып ұрып, тұншықтыра бастаған.

Жанталасып арпалысып жатқанда әйелдің көзі жолдан өтіп бара жатқан адамға түседі. Жанұшыра көмек шақырады. Сол сәтте ер адам қолын босата қояды. Әйел осы сәтті пайдаланып, қаша жөнелген. Ол бірден жолға қарай жүгіріп, кездесе кеткен адамнан көмек сұраған. Полиция әйелге тиісті деген күдікпен 62 жастағы ер адамды ұстап, қамауға алды.

"Петропавл қаласының 54 жастағы тұрғынына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға оқталу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері облыс орталығының 62 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0