Петропавлда фабрикада жұмысшы қаза болды
Адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Петропавлдағы "Сұлтан" фабрикасында жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайғылы оқиға 12 қазан түнгі сағат 3-те болды. Жұмысшы қамырды тазарту кезінде қаза болған.
"Кәсіпорынның 35 жастағы қызметкері өндірістік қондырғының ішіне құлап кеткен. Адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды СҚО полициясы.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.