Петропавлда жүк көлігі көпірден құлап кетті

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Қазан 14, 2026 - 15:40
 0  6
Петропавлда жүк көлігі көпірден құлап кетті
Фото: Видеодан скрин

Петропавлда Есіл өзеніндегі бөгетте жол апаты болды. Жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, қоршауға соғылған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүргізуші аман қалған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оны Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер тексеру нәтижесінде ер адамның мойын байламдары созылғанын анықтады. Оған амбулаториялық ем тағайындалып, үйіне жіберілген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0