«Президентке рақмет айтамын»: Тамара Асар Тоқаевтан құттықтау алғанын айтты

Шілде 17, 2026 - 11:25
chat_bubble  0 visibility  15
«Президентке рақмет айтамын»: Тамара Асар Тоқаевтан құттықтау алғанын айтты
Фото: Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан туған күніне орай арнайы құттықтау алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын оқырмандарымен бөлісіп, мемлекет басшысына алғысын жеткізді. 

“Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан туған күніме, мерейлі жасыма арнайы құттықтау хаттамасын алдым.
Маған ресми түрде Алматы әкімдігі, атап айтқанда, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Өте ерекше құрмет пен қабылдау болды, рақмет. Шын жүректен өз атымнан және отбасымның атынан қуанышымды бөлісе отырып, Президентке рақмет айтамын.

Ардақты ағайын! Кеше түннен бастап, гүлге оранып, сыйлықтар алып, ыстық тілектердің лек-легімен қабылдау үстіндемін. Тілектес болып құттықтап жатқан баршаңызға рақмет!”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Тамара Асардың саясатқа бет бұрып, депутаттыққа үміткер ретінде тіркелуі қоғамда қызу талқыланған болатын. Әншінің бұл шешімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында әлі де түрлі пікір туғызып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0