Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Тамыз 25, 2025 - 19:37
Тамыз 25, 2025 - 19:41
Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
Фото: Gov.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Informator арнасының мәліметінше, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған лауазымынан кетіп отыр.

Айта кетейік, Руслан Берденов Respublika партиясынан Мәжіліс депутаты болды.

Оның үміткерлігін Президент әкімшілігі мақұлдаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

2025 жылдың 24 ақпан айында ңРуслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

«Менеджмент» мамандығы бойынша білім алған. 2009 жылы КИМЭП университетін бітіріп, іскерлік басқару магистрі дәрежесін алған.

Руслан Берденов көп тіл біледі. Қазақ, орыс тілдерін айтпағанда, ағылшын, түрік, азербайжан тілдерін меңгерген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow