Сәуле Әбілдаханқызы: Мені шешеден боқтаған депутат Абзал Құспан Мәжілістен шығарылсын!

Мамыр 29, 2025 - 11:53
Мамыр 29, 2025 - 15:28
Сәуле Әбілдаханқызы: Мені шешеден боқтаған депутат Абзал Құспан Мәжілістен шығарылсын!

Танымал журналист, тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін боқтаған депутаттың Мәжілістен шығарылуын талап етті деп жазады Sadaq.kz.

“Бала мұғалімді боқтады – өзіне лайықты жазасын алады. Оған қам жемеңдер. Ал мені боқтаған дап-дардай екі адамды не істейміз? Біреуі –  мені шешеден боқтаған депутатсымақ Құспан… (бүгін, өзінше, қыздарымызды, қарындастарымызды қорғайық деп заң шығарып жатыр дей ме?) тағы да бір жерімнің күлкісі келді…", - деп жазды ол.

Журналист боқтағаны үшін бала мектептен шығарылса, ересектер де балағат сөз айтқаны үшін дәл солай жұмыстан шығарылуы керек, деп есептейді.

"Мені шешеден боқтаған Абзал Құспанның Мәжілістен шығарылуын талап етемін! Әлде балаға болмайды, үлкендерге болады деген заң бар ма? Екіжүзділік, “двойной стандарт” жойылсын!!!”, - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow