Жоқ мерекені дәріптеу: Назарбаевтың баспасөз қызметі тұңғыш президент күнімен құттықтады

Желтоқсан 1, 2025 - 15:21
Желтоқсан 1, 2025 - 15:22
 0  26
Жоқ мерекені дәріптеу: Назарбаевтың баспасөз қызметі тұңғыш президент күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі ел халқын тұңғыш президент күнімен құттықтады. 

"1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні. 1991 жылы дәл осы күні елімізде алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7% дауыс жинады. Бұл күн – Қазақстан тәуелсіздігінің тарихындағы маңызды белес. Сондай-ақ елде президент билігінің негізі қаланған күн", - деп жазылған elbasy_nazarbayev парақшасында.

Кейбір БАҚ құралдарының жазуынша, аталмыш парақша Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметіне тиесілі. 

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні - 2012 жылдан 2022 жылға дейін 1 желтоқсанда жыл сайын тойланған мемлекеттік мейрамдардың бірі болды. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылған еді.

Ал 2022 жылдан бастап бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тасталды да, әдеттегі жұмыс күніне айналды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0