Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті

Желтоқсан 3, 2025 - 09:00
Желтоқсан 3, 2025 - 08:49
 0  2
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті
фото: sports.kz

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті, деп хабарлайды sadaq.kz.

BoxingScene басылымының хабарлауынша, ерікті допингке қарсы қауымдастық (VADA) боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний дәрілік затын тапқан.

Айта кетерлігі, мельдоний Шығыс Еуропаның кейбір елдерінде рецепт бойынша берілетін дәрі болып саналады, бірақ Әлімханұлы бұл затты бұрын-соңды қолданғанын жоққа шығарғандықтан, бұл даулы мәселе болуы мүмкін.

Мельдоний 2016 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) жарыс кезінде де, жарыстан тыс уақытта да қолдануға тыйым салынған дәрілер тізіміне енгізілді.

Себебі ол төзімділікті арттыру және оңалту мен қалпына келу процесін жеделдету үшін метаболизмді өзгерту қабілетіне байланысты.

Басылымның айтуынша, дәрілік заттарды тексеру кезіндегі барлық жағымсыз нәтижелерге қатысты стандарт сияқты, кінәлі тарап өзінің «В» үлгісін тексеруді талап етуге құқылы. Нәтиженің әртүрлі болуы өте сирек кездеседі. Дегенмен боксшылар күдікке іліккеннен кейін тесттен қайта сәтті өткен жағдайлар болған.

Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында допинг дауына қатысты өз пікірін айтты.

- Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таңғалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отынмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз! - деді боксшы instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0