«Саусақ ізі сақталған»: полиция 20 жыл бұрын ақша ұрлаған адамды тапты

Мамыр 22, 2026 - 16:16
chat_bubble  0 visibility  0
«Саусақ ізі сақталған»: полиция 20 жыл бұрын ақша ұрлаған адамды тапты
фото: sputnik.kz

Ақмола облысының полициясы 20 жыл бұрын ұрланған ақшаға қатысты істі ашты, деп хабарлайды Sadaq.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл қылмыс 2007 жылы Атбасарда жасалған. Шаруа қожалығының иесі көлігін гаражға қойып кеткен. Оның ішінен 300 мың теңге ұрланған.

Полиция оқиға орнын зерделеп, шұғыл іздестіру шараларын өткізсе де, күдіктіні анықтай алмады. Бірақ базада криминалистер түсіріп алған саусақ іздері сақталған.

Қылмыстық іс ұзақ уақыт бойы ашылмай келген. Жақында атбасарлық тергеушілер ұрының ізіне түсті. Жергілікті полицейлер есірткі қылмысын жасаған ер адамды ұстаған. Ал оның саусақ ізі базаға енгізілді.

"Криминалистік есепті зерделеу кезінде ұсталған ер адамның саусақ іздері 20 жыл бұрын ұрлық жасалған жердегі саусақ ізіне толығымен сәйкес болып шыққан. Ер адам сол кезде ақша ұрлағанын мойындады", - дейді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0