Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар

Ақпан 27, 2026 - 12:20
 0  1
Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар
Фото: видеодан скрин

Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандадың кім екені белгілі болды, деп хабарлайды sadaq.kz. politico.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқан 7 адамның ішінде 6-сы дәмханада жұмыс істеген. Қаза тапқан 16 жастағы қыз сол кафеде жұмыс істейтін анасымен бірге болған.

Еске сала кетейік, Щучинск қаласында кафеде жойқын жарылыс болып, соңы өртке ұласқан.

Салдарынан 28 адам зардап шекті: 13-і – ауруханада, 8-і үйге жіберілді. 7 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы жасөспірім қыз бар.  


Жойқын жарылыстан 7 адам көз жұмып, 20 шақты адам жарақат алды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өрттен 10 адам құтқарылды. Өрт сөндірушілер дәмханадан көлемі әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ баллоны және 2 оттегі баллонын шығарды.

Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Айтуларынша, олардың көпшілігі термиялық күйік алған.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.  Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 292-бабы, 3-тармағына сай, яғни өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет бойынша қозғалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0