Шымкентте 2,5 млн доллардың бизнесін жалған биткоинмен «сатып алған» алаяқ ұсталды
Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық пен бопсалаудың жолын кесті. Жедел іс-шаралар барысында құны миллиондаған доллар болатын компанияны заңсыз иемденген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті жәбірленушінің құны 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесіне көз тіккен. Ол есеп айырысуды криптовалютамен (биткоинмен) жүргізуді ұсынып, компания мен оның мүлкін өз атына рәсімдеді.
Алайда, заңды құжаттар дайын болған сәтте, алаяқ бұрынғы иесіне криптоәмиянға кіру үшін жалған мәліметтер берді. Іс жүзінде ешқандай төлем жасалмаған, ал кәсіпкер өз бизнесінен айырылып қалды.
Алаяқтық мұнымен аяқталмады. Күдікті бұрынғы иесін қорқытуға көшіп, компанияда оны «әшкерелейтін» материалдар бар екенін айтқан. Ол ақпаратты жария қылмау үшін қосымша 250 мың АҚШ долларын талап еткен.
Нәтижесінде күдікті талап етілген соманың бір бөлігін — 150 мың долларды алу үстінде ұсталды. Қазіргі уақытта «Алаяқтық» және «Бопсалау» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0