Шөбересін зорлаған 82 жастағы қария 20 жылға сотталды
Астанада жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткен 82 жастағы қария 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Смайылова өзінің Facebook парақшасында жазды.
Оқиға қыздың туған күнін тойлау кезінде орын алып, абырой болғанда отбасы мүшелері қарияны қылмыс үстінде ұстап үлгерген.
Сот ардагерді ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Дина Смайылованың айтуынша, қыздың анасы қорға 2025 жылдың 5 сәуірінен 6-на қараған түні, баланы сараптамаға апарған бойда хабарласқан.
«Бұл ата өте пысық болып шықты. Ол қылмыс жасағанын анық түсінген, себебі оны қылмыс үстінде ұстап алғанда, қашып кетіп, полиция ұстағанша бір тәулік бойы ізін жасыруға тырысқан», – деп жазды құқық қорғаушы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0