Трамп Иранға қарсы соғыстың қанша уақытқа созылатынын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Daily Mail басылымына берген сұхбатында Иранға қарсы операция «төрт аптаға немесе одан да аз уақытқа созылатынын» айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Біз шамамен төрт аптаға созылады деп болжап отырмыз. Тарихта мұндай үдерістер әдетте төрт аптаға жоспарланған. Сондықтан әскери операцияның күрделілігіне қарамастан, ол төрт аптада немесе одан да қысқа мерзімде аяқталады», — деді ол журналистерге.
Трамп арнайы бейнеүндеу жариялап, америкалық шабуылдан кейін ирандық күштік құрылымдар мен әскери қызметкерлер қару-жарағын тапсырмаса, оларды өлім күтіп тұрғанын да ескертті.
«Мен тағы да Ислам революциясы сақшылар корпусын, Иран армиясын және полициясын қаруларын тастап, толық иммунитет алуға шақырамын. Әйтпесе, сөзсіз өлімге душар болады. Бұл – нақты қауіп, әрі оның салдары ауыр болады», – деді Трамп.
АҚШ президенті Иран халқына да үн қатып, қазіргі сәтті пайдалану керектігін айтып, ел азаматтарына берген уәдесін орындағанын мәлімдеді.
«Қалғаны өздеріңізге байланысты. Біз сіздерге көмектесу үшін әрдайым жандарыңыздан табыламыз», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасады. Кейін Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің өлтірілгені белгілі болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0