Әділетсіздікке ұшыраған тұрғын Бас прокуратураның алдында өз-өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)
Бішкектегі Бас прокуратура ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Orda.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы қырғызстандық белсенді Ырғалай Бекмұратова өзінің Facebook парақшасында жазды. Бекмұратованың айтуынша, өзін-өзі өртеп жіберген адам жылжымайтын мүлікпен байланысты әділетсіздікке наразы болған екен.
«Бұл менің көз алдымда болды. Ер адам Бас прокуратура ғимаратының жанында тұрды. Содан кейін ол өзіне қандай да бір сұйықтықты бөтелкеден құйып, мен оны шай деп ойладым. Кейін ол өзін өртеп жіберді», - деп жазды белсенді.
Видеода ер адам өрттен жан айқайы шыққанын әрі қолдары қатты зақымданғанын көруге болады. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Өткен жылдың желтоқсан айында ер адам Маңғыстау облысының әкімдігі алдында өзін өртеген болатын. 12 күннен кейін ол реанимацияда көз жұмды.
Сіздің реакцияңыз қандай?