«Уайымнан мазам қашты»: Гүлзира Айдарбекова денсаулығына қатысты күтпеген жайтты айтты (ФОТО)
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова денсаулығына байланысты қиын жағдайға тап болғанын айтып, оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Продюсер бұл туралы желідегі парақшасында айтты.
«Айтпақшы, Қырғызстанға барып, өтімді қалдырып, тасын алдық дегенге мәз болып жүрсем, өт мүлде жұмыс істемей тұр дейді. Қырғызстанға бармай-ақ, Қазақстанда өтті түгел алдыра салыңыздаршы. Далбаса екен. Қайта ота жасауға тура келеді», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол ағасының сырқаттанып жатқанын уайымдап, бұл жағдайдың өзіне ауыр тиіп жүргенін жеткізді.
«Ағамның беті кішкене бері қарады. Өзімнің де уайымнан мазам қашып еді. Аллаға шүкіршілігімді айтып, шаруаларыммен Шымқалаға шықтым. Алла баршаңызға, бауырларыңызға, отбасыларыңызға амандық берсін!» – деді продюсер.
Желі қолданушылары продюсерге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік танытты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0