Ұлытау облысында ер адам көшеде соққыға жығылды

Сәуір 13, 2026 - 15:18
chat_bubble  0 visibility  2
Ұлытау облысында ер адам көшеде соққыға жығылды
фото: видеодан скриншот

Сәтпаев қаласының тұрғынын аяусыз ұрып-соққан сәт видеоға түсірілген. Оқиға Жастар көшесінде болғаны айтылды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша тексеріс жүргізілді.

"Жанжал Сәтпаевта 12 сәуірде кешкі уақытта екі автокөлік жүргізушісі арасында болғаны анықталды. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы барлардың бәрін, соның ішінде жәбірленушіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты бұрын полицияға ешқандай хабарлама түспегенін атап өтті. Қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы белгіленуде. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға қатысы бар адамның бәрінің әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0