Ұлттық құрылтайдың қашан өтетіні белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысын 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sadaq.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты дайындық жасау жөнінде нақты тапсырма берді.
Құрылтай отырысы еліміздің стратегиялық даму бағыттарын, қоғамдық реформалар мен мемлекеттік саясатты талқылау үшін маңызды алаң болады.