Зейнетақы қорында жиналған қаржыға үй алу қағидалары өзгерді
Өзгеріске ұшыраған қағидаларға сәйкес, сыйақы мөлшерлемесін және мемлекет сыйлықақысын есептеу және қайтару тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары өзгеруі мүмкін. Аталмыш құжат «Ашық НҚА» порталында ел талқысына ұсынылды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Өзгеріске ұшыраған қағидаларға сәйкес, сыйақы мөлшерлемесін және мемлекет сыйлықақысын есептеу және қайтару тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Алушының жылжымайтын мүлікті жұбайынан және өзінің жақын туыстарынан, сондай-ақ алушының жұбайының жақын туыстарынан сатып алуына БЗТ-ны пайдалануға жол берілмейді.
«Тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарт бұзылған, тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарт бойынша құқықтарды басқаға берген жағдайда біржолғы зейнетақы төлемінің сомасы осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған мақсаттар бойынша пайдалану үшін алушының/өтініш берушінің арнайы шотына осы Қағидалардың 20 жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады», – делінген құжатта.
Сонымен бірге осы тармақта белгіленген мерзімде қаражат пайдаланылмаса, біржолғы зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға қайтарылуға тиіс. Сонымен бірге салымшы тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарт бойынша қайтыс болған жағдайда біржолғы зейнетақы төлемінің сомасы 3 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ шотына қайтарылады.
Ал егер Біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларын қайтару қажеттілігі туралы шарттар заңды күшіне енген соттардың шешімдері болған жағдайларға қолданылмайды.
Уәкілетті оператор «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы атынан өтініш берушілердің осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштерін қабылдайды.
Отбасы банк өтініш берушінің біржолғы зейнетақы төлеміне өтініші қаралғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-мен жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен электрондық хабарлама шеңберінде тіркелген өтініштер туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға жібереді.
БЖЗҚ «Отбасы банктен» электрондық хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде банк біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын Отбасы банкіне аударады. Яғни оны өтініш берушінің арнайы шотына аударады.
«Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсаты бойынша алушы ұсынған құжаттарды олар берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді. Сондай-ақ олардың нысаналы мақсаты бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін аударады.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?