«Жақсысы – депутат атандыңыз, жаманы – төсбелгіңіз алтын емес»: Журналист Құрылтай депутаттарына берілген төсбелгі туралы

Тамыз 28, 2026 - 09:15
chat_bubble  0 visibility  11
«Жақсысы – депутат атандыңыз, жаманы – төсбелгіңіз алтын емес»: Журналист Құрылтай депутаттарына берілген төсбелгі туралы
Фото: ОСК

Журналист Нұргүл Тапаева Құрылтай депутаттарына берілген төсбелгіге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында бұрынғы Мәжіліс депутаттарына 375 сынамалы алтыннан жасалған төсбелгі берілгенін жазды.

Оның айтуынша, 2023 жылы мұндай төсбелгінің бір данасы 313 600 теңге тұрған. 

«Жақсысы – депутат атандыныз. Жаманы – төсбелгіңіз алтын емес», – деп жазды журналист.

Нұргүл Тапаеваның мәліметінше, қазіргі Құрылтай депутаттарына алтынның орнына жезден жасалған төсбелгі берілген.

Оның бағасы шамамен 42 мың теңге болған. Журналист жаңа төсбелгінің көлемі де бұрынғысынан кішірек екенін атап өтті.

«Сөйтіп, ескі Парламенттің экс-депутаттарында – алтын, жаңа Құрылтайда – жез дегенді айта салайын деп едім», – деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0