«Жоқ дегенді түсінбеген»: Қаза болған қыздың ағасы мәлімдеме жасады (ФОТО)
Шымкентте танысының қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың ағасы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Сұлтан Серікбай бұл туралы Threads желісіндегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, қарындасының қазасы қабырғасын қайыстырып, жүрег3 қан жылап отыр. Ағасы марқұм қарындасын ең сұлу, ақылды, сабырлы қыз деп сипаттап берді. Қылмыскер оның осы бір жуастығын пайдаланып, барынша басынған.
Бейресми деректерге сәйкес, қызға 11 рет пышақ сұғылған.
Сұлтан ақпараттарды барлық жерге таратып, қолдау білдіруді өтінді. Сот процесі әділ өтетініне сенеді.
«Бұл оқиғаны бүкіл жерге таратып, қолдауларыңызды сұраймыз (әділ шешім шығаруға). Қазір бізге артық сөз сөйлеуге, жазуға болмайды. Өйткені кейін арғы жақтың адвокаттары тырнақ астынан кір іздейді. “Сот процесі” әділ өтеді деген сенім бар. Бәрімізге сабыр мен жүрек тыныштығын берсін», – деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0