Журналист Бажкенованың үйінен 3 млн теңге, 60 мың доллар, кеңсесінен 40 млн қаражат табылған

Желтоқсан 3, 2025 - 10:38
Желтоқсан 3, 2025 - 11:55
 0  7
Журналист Бажкенованың үйінен 3 млн теңге, 60 мың доллар, кеңсесінен 40 млн қаражат табылған
Журналист Бажкенованың үйінен қанша доллар шықты
Гульнара Бажкенова айына бір рет қоғамды дүрліктіріп қоймаса, өзін кәсіби ортадан қалып қойғандай сезінетін секілді. Кейде асыра сілтеп, өз шегінен шығып кететінін өзі де байқамайды-ау. Енді өтірігі үшін жауап беретін кез жетті.
Мысалы, соңғы жылдары Orda редакциясы қоғамда үлкен резонанс туғызған бірнеше фейкті жариялады. Біреуін ғана еске алайық, «Сара Назарбаева қайтыс болды» деген жалған ақпарат таратып, қоғамда резонанстар тудырған еді. Мұндай фейк материал аз болмады. Бірақ, бір таң қаларлығы редакция да, оның жетекшісі Бажкенова да жауапқа тартылған емес. Әйтпесе, фейк үшін арнайы бап бар.
Кеше «Орда.кз» Алматыдағы кеңсесі мен Бажкенованың үйіне құқық қорғау органдары тінту жүргізді. Тінту барысында үйінен 3 млн теңге, 60 мың доллар және кеңсесінен 40 млн қаражат тәркіленген. Сыртқы күш ақша құйып, лобби жасамаса, бір сәтте осындай қомақты сома жай интернет порталының редакторында қайдан болады. Сұрақ көп. Ал өзі жақында ғана мысығымның тамағына ақша таппай, 500 мың қарыз алдым деп еді. Сонда өз үйіндегі ақшаны көрмеген бе?!.
Жалпы, журналист объективті болуға тиіс. Әсіресе, өзін «тәуелсіз журналист» деп көрсететін адам екі есе жауапты болуы керек. Бірақ Orda редакциясының редакторы журналистикадан гөрі фейк пропагандаға мейлінше көңіл бөлген секілді. Себебі ақпаратында фактчекинг жоқ, қате мойындалмайды, ал кез келген сұраққа дайын жауап біреу - «біздің өз дереккөздеріміз бар» деп отыра береді.
Иә, кез келген журналист қателесуі мүмкін. Бірақ ол қате кейін ашық мойындалғанда ғана кешірімді. Ал қате емес, қасақана жасалған фейк – қылмысқа пара-пар ақпараттық манипуляция.
Журналист Ораз Әлімбектің facebook пaрaқшaсынан 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0