«Әйелдердің кесірінен қаншама ер азаматтар жазықсыз қамалып жатыр» - Айгүл Орынбек

Тең қоғамда еркектердің де құқығы қорғалу керек.

Ақпан 1, 2024 - 10:53
Ақпан 1, 2024 - 10:54
«Әйелдердің кесірінен қаншама ер азаматтар жазықсыз қамалып жатыр» - Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында елімізде ер азаматтар құқының жиі бұзылатынын айтып тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, соңғы кездері әйел құқы дегенді желеу етіп, провокация жасап, жала жапқыштардың қарасы көбейген. Сөзіне дәлел ретінде Қостанайда өзін такси жүргізушісі «зорламақ болды» деп полицияға қоңырау шалған әйелдің бейнежазбасын қоса жариялаған.

«Тең қоғамда еркектердің де құқығы қорғалу керек!

Егер мына жігіт өзін видеоға түсүріп алмаған да, қәзір түрмеде отырар еді.

Кейде өзіңнің тазалығыңды дәлелдей алмай қалатын сәттер болады.

Сенің іс-әрекетің қаншалықты заңды болсада, осындай әйелдердің кесірінде қаншама ер азаматтар жазықсыз қамалып кеткенін көргем.

Жасөспірім балаларға зорлық көрсеткендерге қатаң заң шығару керек қолдаймын.

Ал мынандай провокаторларға да қылмыстық жаза керек!», - деп атап өткен өз жазбасында.

Заңгер тағы бір постында бұдан да сорақы сәт бейнеленген  жазба ілініпті. Бұл видеодан ішімдікке тойып алған бір әйелдің жүргізушіге тиісіп, боқтап жатқанын байқауға болады. Ашуға булыққан жүргізуші соңында мас әйелді көліктен сүйреп түсіріп тастауға мәжбүр болады.

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow