«Дұғада болыңыздар»: Төреғали Төреәлінің денсаулығы сыр берді

Наурыз 4, 2025 - 09:39
Наурыз 4, 2025 - 09:44
«Дұғада болыңыздар»: Төреғали Төреәлінің денсаулығы сыр берді
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Төреғали Төреәлінің Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қаласында жоспарланған концерті кейінге шегерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“Төреғалидің концерті кейінге қалдырылыпты. Әншінің концерті денсаулығына байланысты шегерілген. Сатылған билеттер түгел қайтарылады”, – деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызының әкесі де концерт өтпейтінін жеткізді.

«Ассалаумағалейкум ардақты ағайын! Қасиетті Рамазан айында ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын. Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісімшартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарлаған концерттерімізді кейінгі уақытқа шегіндірдік! «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады» деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым! Бұлттың артыннан күн шығары анық қой, ауырмаңыздар», — деп жазды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow