Үржар ауданында бес жасар бала мұзға батып кетті

Желтоқсан 22, 2023 - 17:05
 0  104
Үржар ауданында бес жасар бала мұзға батып кетті
Фото: Абай облысы ПД а

Абай облысы Үржар ауданында бес жасар бала мұз астына батып кетті, деп хабарлайды sadaqmedia жергілікті «Arnapress» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, 

Бүгін, 22 желтоқсан күні түс кезінде Таскескен ауылының учаскелік полициясы Үржар аудандық полиция бөлімшесіне телефон соғып, оқиғаны баяндаған.

Белгілі болғандай, бес жастағы екі ұл ауыл шетіндегі Қаракөл өзенінің үстінде ойнап жүрген. Алайда, өзеннің суы әбден қатпаған көрінеді. Екі баланың біреуін мұз көтермей, ол суға батып кеткен. Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0