«Ағай мені ұрды»: Сарыағашта орталық қызметкері даун синдромы бар баланы аяғынан сүйреп, таяқпен ұрған

Сәуір 14, 2025 - 11:25
«Ағай мені ұрды»: Сарыағашта орталық қызметкері даун синдромы бар баланы аяғынан сүйреп, таяқпен ұрған

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында коррекциялық орталық қызметкері даун синдромы бар баланы соққыға жыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жағдайға "Әділ кәсіподақ" ұйымы назар аударды. Ұйымның мәліметінше, 13 жасар Жақыбай Еркебұлан — ерекше күтімді қажет ететін бала.

"Даун диагнозы бар бала Сарыағаш қаласындағы "Ақылды бала" коррекциялық орталығына барып жүрген. Бұл орталықтың директоры — Сабитов Елдос, ал сурет пәнінен сабақ беретін мұғалім — Марлен есімді азамат. Бірақ... Жақында сабақ үстінде болған мына жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мұғалім Марлен Еркебұланды аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа қойып, таяқпен ұрып жатыр ма?", делінген жазбада.
 
Еркебұлан сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжаухар Жорабековаға «Ағай мені ұрды. Қатты қорқып кеттім, жүрегім ауырып жатыр...» деп, жылаған.
 
"Еркебұланның жүрегіне бұған дейін екі рет ота жасатқан. Егер сол сәтте жүрегі тоқтап қалса — кім жауап береді? Біз мына жағдайға үнсіз қала алмаймыз!", дейді кәсіподақ өкілдері. 
 
Бұл жайтқа қатысты Түркістан облысының білім басқармасы пікір білдірді. 

"Түркістан облысының білім басқармасы бейнематериалда көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта орын алған. Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр деп хабарлаймыз", делінген жауапта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow