Ақтаудағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі тағы мәлімдеме жасады

Қаңтар 16, 2025 - 17:27
Ақтаудағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі тағы мәлімдеме жасады
Фото: ТЖМ

Қазақстанның Көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты тағы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Қазақстанның Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр. Алдын ала есеп жарияланғанға дейін комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді.

Еске сала кетейік, комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады», –  делінген хабарламада.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ережелеріне сәйкес, алдын ала есеп әуе апаты болған күннен бастап 30 күн ішінде беріледі.

Бұған дейін, 25 желтоқсанда  Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлаған еді. Бортта 67 адам болған. 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow