Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам оқушыны зорлады деген күдікке ілінді

Наурыз 2, 2026 - 16:13
 0  70
Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам оқушыны зорлады деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр

"Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерттеп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді полиция.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0